Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазағымның Жерұйығы)

Асқар Алтай аспандаған,
Арман-асу, дастан-далам.
Алтынбелім, Көктерегім
Ай сәулесін шашқан маған.
Асыл-маржан Жұлдыз-бағым,
Қаражал мен Құндыз, Балғын.
Алыбайым, Майемерім
әуелеткен ұл-қыздарын.
Аялатқан жанын нұрға,
Жастық алау – жалынында.
Қазағымның Жерұйығы –
Катоным мен Нарынымда.
Ақмаралым, таңымдайсың,
Белқарағай, балымдайсың!
Қаумыш, Марал көлдеріндей
Аққайнарым, арымдайсың!
Ақсу, Берел – көркем жерім,
Жамбыл, Өрел – өлкем менің.
Шұбарағаш, Топқайыңым,
Аршатыда – өркенді елім.
Еңбек, Өрнек тілектері
жарып шығар түнектерді.
Мойылдым мен Жаңаүлгім
баурап алар жүректерді.
Рахманымның қайнарындай,
Бұқтырманың айлағындай,
Берекелі Шыңғыстайым –
бірлігімнің қаймағындай.
Арман-асу, дастан-далам.
Алтынбелім, Көктерегім
Ай сәулесін шашқан маған.
Асыл-маржан Жұлдыз-бағым,
Қаражал мен Құндыз, Балғын.
Алыбайым, Майемерім
әуелеткен ұл-қыздарын.
Аялатқан жанын нұрға,
Жастық алау – жалынында.
Қазағымның Жерұйығы –
Катоным мен Нарынымда.
Ақмаралым, таңымдайсың,
Белқарағай, балымдайсың!
Қаумыш, Марал көлдеріндей
Аққайнарым, арымдайсың!
Ақсу, Берел – көркем жерім,
Жамбыл, Өрел – өлкем менің.
Шұбарағаш, Топқайыңым,
Аршатыда – өркенді елім.
Еңбек, Өрнек тілектері
жарып шығар түнектерді.
Мойылдым мен Жаңаүлгім
баурап алар жүректерді.
Рахманымның қайнарындай,
Бұқтырманың айлағындай,
Берекелі Шыңғыстайым –
бірлігімнің қаймағындай.
Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!
Автор: Ерлан Ахмет | 3 045 | 9.09.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазағымның кіндігі)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жайсаным, аңсап жүрмін)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жайсаң жерім, Жайсаң елім, аман бол!)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Отан-Ана)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Далам менің)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Киелі жер – Кереку)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Байтақ елім)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазақ елім бұл менің)