» » » Өлең: Әгигәу-гигәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әгигәу-гигәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әгигәу-гигәй (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Әгигәу-гигәй (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Басы биік Бұлғын тау мұнарланған-ей,
Өзен ағып баурынан – ей, сылаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Орман іші аң тола өрмелеген-ей,
Бұлбұл сайрап қырынан-ей бұлаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Бұғы, марал, тауешкі, арқар, құлжа-ей.
Өсіп-өніп қоңыр аң жылдан жылға,
Әгигәу-гигәй.

Бұлғын тауы шаттанам көрінгенге-ей,
Әнге қосқым келеді құйқылжыта,
Әгигәу-гигәй.

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Сай-саладан құйылған мөлдір бұлақ-ай,
Үн қосады суына құстар шулап.
Әгигәу-гигәй.

Жазғы самал аймалап беттен сүйіп-ай,
Қолын бұлғап тұрғандай кел мұндалап.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 37 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Әгигәу-гигәй өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Агигау-гигай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әгигәу-гигәй, қазақ ауыз әдебиеті Әгигәу-гигәй өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Агигау-гигай казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Әгигәу-гигәй, Өлең: Әгигәу-гигәй (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке