» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар) на казахском языке
Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.

Ыза керсе бойыңды,
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң, пайда жоқ,
Батпаннан ауыр шойынды.

Ашумен қылған іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.

Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын баладай
Екі көзің қызарып.

Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің,
Соңынан қалмай жалпылдап.

Осыдан пайда не шықты?
Мас күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?

Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?

Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.

Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,
Сонда әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.

Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей қайырып
Алмағандар оңбайды.

Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық

Автор: nurgul95 | 117 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Ызақорлар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Ызақорлар, шәкәрім құдайбердіұлы Ызақорлар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Ызақорлар, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке