» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық) на казахском языке
Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ.
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегеніңді біле бер.

Білген ердің бол шәкірті,
Білмегенді қыл шәкірт.
Үйренуге қылма намыс,
Үйретуге болма кер.

Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай.
Өкініші кетпес оның,
Өз ойыңда босқа өлер.

Қай ғылымды білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер.

Шын наданға білгеніңді
Ұқтырам деп ойлама.
Қанша бидай шашсаң-дағы,
Болмас егін тасты жер.

Тотыға тіл үйретілсе,
Cөзi –адам, өзi –құс.
Сол сықылды ол наданды
Ермек үшін сөйлетер.

Қара тасты қанға малсаң,
О да маржан бола ма?
Тесік ыдыс су құйылса,
Өзі қалар, су кетер.

Шын залымға берме ғылым,
Ол алар да оқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер,
Ол ғылымды айла етер.

Қарғысына сен қаларсың,
Елді алдап ол алар.
Ақылы жоқ, малы көптің
Бip талайын еңіретер.

Дүниені түзетуші,
һәм бұзушы –бір ғылым.
Әрі залым, әрі ғалым,
Ел түбіне сол жетер.

Шын надандар білмесе егер
Естілердің кәдірін,
Оған ұрсып, сөкпеңіздер,
Шын ғұзырлы пенде сол.

Неге десең, білсе надан,
Өзі надан бола ма.
Оқымаған бір балаға
Хат оқытсаң, жөн бе сол?

Әр адамның өз жұмысы,
Қылған ісі әр бөлек.
Ол наданның жұмысы жоқ
Ғылымыңызбен еш заман.

Білмегенді үйреніп,
Білгенді қылса, есті сол.
Білмегенін білмеген,
Білгенді қылмай –сол жаман.

Сізге келсе кей надан
Үйренемін деп ғылым.
Үйретудің ақысы деп,
Бір тиынды алма одан.

Неге десең, сен білесің,
Алғаныңның не екенін.
Ол біле ме бергеніңнің,
Пайда екенін, иә зиян.

Шикі надан, ақылы жоқ
Жас баламен бір есеп.
Біле тұра алдап алмақ,
Естілердің жолы емес.

Ғылым үйретпек, ақы алмақ
Сауда есепті болса да,
Балалармен сауда қылмақ
Шариғатқа жөн емес.

Сізге надан қанша малын
Берсе, босқа алмаңыз.
Неге десең, ол өзіңдей
Ақылы бар кісі емес.

Пайда қылмай бір адамға,
Пайда қылма сен де онан.
Неге десең, «босқа аламын» –
Ол білімнің ісі емес.

Сен біреудің ғайыбын ашпа,
Түн сықылды перде тарт.
Күн сықылды аша берме
Жер жүзінің әр сырын.

Кісі бағын деме бағым,
Өз денеңді нұрлы қыл.
Ай сықылды болма жарық,
Қарыз алып күн нұрын.

Күн сықылды көпке білдір,
Шықты ма күн, батты ма?
Ай сықылды айтып ұқтыр
Қанша ғұмыр өткенін.

Түн сықылды тым түнеріп,
Көзді тартып байлама.
Күндізі бол, байқасын жұрт
Келгені мен кеткенін.

Сусағанның сусыны бол,
Су сықылды сұп-суық.
Бірақ ондай болма салқын,
Ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын
Жүзіңіз бен сөзіңіз.
Бірақ ондай мархаматсыз
Болма өртеп, жандырып.

Жел сықылды желпі жұрттың
Шаршағанын, талғанын.
Жықпа үйін, болма құйын,
Қылма жаман аманын.

Жер сықылды пайдалы бол,
Пайдалансын ел сенен.
Тасты жердей болма қатты,
Тілме жұрттың табанын.

Сен бұлттай бол көлеңке,
Мезгілімен бер жауын.
Сел ағызба, жай түсірме,
Бұзба елдің шаруасын.

Дариядай дап-дайын бол,
Пароходпен жүзсе де.
Болма толқын, ашпа құлқын
Жұтамын деп баршасын!

Автор: nurgul95 | 288 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғылымсыз адам – айуан...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ғылымсыз адам – айуан...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)
Мақал - мәтел: Білім, Ұстаз, Мұғалім, Оқу, Шәкірт, Мектеп және Кітап
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Білім, Ұстаз, Мұғалім, Оқу, Шәкірт, Мектеп және Кітап
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аурусыз жанға айла жоқ...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аурусыз жанға айла жоқ...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақсұд)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақсұд)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажалсыз әскер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажалсыз әскер)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, Абылай, Абылай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, Абылай, Абылай)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Сен ғылымға болсаң ынтық өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Сен ғылымға болсаң ынтық, шәкәрім құдайбердіұлы Сен ғылымға болсаң ынтық өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Сен ғылымға болсаң ынтық, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке