» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар) на казахском языке
Жуандар, елді билеп не қылмақсың,
Өздеріңе айтқызсаң – әділ-ақсың.
Мен қарасам, сендердің бетің теріс,
Әбден асып, ақ жолдан адаспақсың.

Мықты жайын айтайын, тыңдап қара,
Ел алып, жауды жеңіп шықпақ дара.
Партияның басшысы – батырың сол,
Қайраты мол, ішкені ант, шашқан пара.

Малын сатып алған соң ел де онікі,
Ерегісер кісі жоқ, жер де онікі.
Қарсы келсең басыңды қағып тастар,
Болмасыңа амал жоқ сен де онікі.

Қанға тойған иті көп қарсы келсең,
Жаның қалар «тақсыр-ау, сен біл» десең.
Көз көрмеске кетерсің, к...іңді қыс,
Күдеріңді үз жаныңнан тек жүрмесең.

Жақын жүрсең жеткендей төбең көкке,
Жуансып дірілдейсің сен де көпке.
Дос болсаң да, айтқанын қате қылма,
Бәрің соның құлы бол тесік өкпе.

Мақсұты – тамам жанды өзі білмек,
Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.
Сатса мейлі, қонаққа сойса еркі,
Халықты қой есепті айдап жүрмек.

«Мынаны қыр» дегенде, қырып таста,
Ол айтқан соң лажың жоқ қырылмасқа.
Жанның бәрін жүргізбек жарлығымен,
Жуандардың ойы жоқ онан басқа.

Басында жеңбек болып бір дұспанын,
Неше түрлі қатерге салар жанын.
Жолы болып алған соң ақтан безіп,
Есі шығып, білмейді не қылғанын.

Тәкаббардың білсеңіз анық жайын,
Бенде екенін ескермей басқан сайын,
Аласұрып аспанға шығып алып,
Әбден мұтып алады бір Құдайын.

Ақ болсын, қара болсын – өзі сынар,
Біреуді қор, біреуді мықты қылар.
Ақ жүрек, ақыл көзбен сынға алыңыз,
Кім болмақшы болып жүр енді осылар.

Қара қылды қақ жармақ болды ма екен,
Байқаңыз, қылған ісі жөнді ме екен.
Әділ болмай, айтқанын қылмақ болса,
Осылар Тәңірі алдында оңды ма екен.

Үміті сүйгенінің бәрі болмақ,
Бір шыбықпен айдаса, көңілі толмақ.
Ақ десе, қара десе – ерік өзінде,
Ойлашы, бұл мінезбен қайтіп оңбақ.

Қарсы келсең, басыңды кесіп алды,
Ұнаса, арамнан да ішіп алды.
Жанның бәрін бір өзі құлданбақшы,
«Мен де – Құдай» демеген несі қалды.

А, Құдай, сондай жаман ойдан сақта,
Өзің кеш, қара болсақ – өзің ақта.
Бір Құдайға құл болсақ, жетеді сол,
Біреуді құлданбаймыз құтырсақ та.

Жігіттер, анау ойдың түбі жаман,
Ондай жолға кірген жан шықпайды аман.
Кім біледі, Тәңірінің өзіне аян –
Оларға өлгеннен соң қандай заман

Автор: nurgul95 | 141 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сен ғылымға болсаң ынтық)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көкіректе толған шер көңіл қаяу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көкіректе толған шер көңіл қаяу)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қулар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қулар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өкінішті өмір)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тауға келсең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тауға келсең)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Насихат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Насихат)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Байлар жүр жиған малын қорғалатып)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Байлар жүр жиған малын қорғалатып)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Жуандар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Жуандар, шәкәрім құдайбердіұлы Жуандар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Жуандар, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке