» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп) на казахском языке
Жан жүрегім, жаным жеп,
Жанған отқа саласың.
«Анау сүйтті, бүйтті» деп,
Күнде мазамды аласың.
«Берекеге жи» дейсің,
Тамам қазақ баласын.

«Кек, ашудан тый» дейсің,
Айыртып ақ пен қарасын.
Мен құдай ма, патса ма,
Ынсапсызға бастама.
Ауыртып ашып жаныштама,
Жанымның ескі жарасын.

Газет, журнал басылды,
«Міне, оқы» деп қуанттың.
Қазаққа ғылым шашылды
«Ал, қуан» деп жұбаттың.

Бірін-бірі сөкті деп,
Табылған бақты тепті деп
«Өлді, жітті, кетті» деп,
Тағы мені суалттың.

Бір өлтіріп, тірілтіп,
Әр бұтаққа ілінтіп,
Жел, сағымдай құбылтып,
Қай жаққа алып барасың?

Қой, жүрегім, қайғырма,
Қайғыны мүлде жай қылма.
Айрылғандар қосылар,
Бұл мінезден шошынар.
Тағдырдың құлы осылар,
Сен таппайсың шарасын.

Торайғыров естісе,
Мұны «қатын ойбай» дер.
Мұнымен елді жетілтсе,
«Ойбайды жүр қоймай» дер.
Аша алмассың жылаумен
Арсылдақтың арасын

Автор: nurgul95 | 195 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Жан жүрегім жаным жеп өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Жан жүрегім жаным жеп, шәкәрім құдайбердіұлы Жан жүрегім жаным жеп өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Жан жүрегім жаным жеп, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке