» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ) на казахском языке
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.
«Анау – қу, мынау – пысық, мен – батыр» – деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.

Ойда жоқ: «Өнер біліп, жол табайын»,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын.

Өтірікпен өткізіп күн мен айын,
Демейді «жамандықтан жалығайын».
«Анау – шыным, мынауым – сырым ғой» –деп,
Сонша жақсы біледі алдау жайын.

Жаз жалымен жібермей жалғыз тайын,
Тыныштықпен ішкізбей тақта шайын,
Ұрысы ұрлап, қуы алдап, сұмы елертіп,
Құрытады үш жақтап тамам байын.

Байдың да ойлағаны – «ел алайын»,
Білмейді, қу шағып жүр өз бақайын,
Көзі аспанда, көңілі мақтанда боп,
Тауысқанын сезбейді ішкі майын.

Демейді «ғылым біліп жанданайын»,
Мақсұты – «мақтан іздеп паңданайын».
Қанша ұқтырып айтсаң да – қалыбында,
Ойда жоқ – «жігерленіп, қамданайын».

Мінеки, естісеңіз елдің жайын,
К...інен кейін кетті басқан сайын.
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым,
Көп айтып, а, дариға, не қылайын!

Автор: nurgul95 | 173 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Қазақ өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қазақ, шәкәрім құдайбердіұлы Қазақ өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Қазақ, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке