» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу) на казахском языке
Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер
Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.

Олай емес, ойласаң, талай мін бар,
Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.
У берді ме сусын деп, су берді ме,
«Көзің жұм да жұта бер» деген кім бар?

Кім айтса да сынамай қойма, жаным,
Ақылыңа сынатып ойла, жаным.
Пәленшекем айтқан сөз дұрыс қой деп,
Жүректің таразысын жойма, жаным.

Тегіс тексер сөз көрсең, сыр мен сынын,
Түзетуге именбе, тапсаң мінін.
Әдеп сақта, жалғыз-ақ, «қате айтты» деп,
«Былшылдапты» дей көрме, білсең шынын.

Біле тұра кім айтар қате сөзін,
Білімдіге есептер әркім өзін.
Тұрған жері, әдеті, туған елі
Адастырар, айтқызар байлап көзін.

Мал іздеп, мансап іздеп, сауық жиын,
Дүниенің көрмек үшін әрбір сыйын.
Адамзат алаңдықтан босамайды,
Сол себептен қатесіз сөйлеу қиын.

Менің де көп жаралы жүрегім бар,
Надандықтан қираған сүйегім бар.
Күндемей, шын міндесең, разымын,
«Қайта, жастар сөйтсін» деп тілегім бар.

Сынамасаң жақсының сөзін қорып,
Талабыңды жоғалтар іштен сорып.
«Сандалған түспе ізіме» деген Абай,
Жүрсіңдер осы сөзін қалай жорып?

«Талас, тап» деп айтатын Абай өзі,
Танамыз ба жоқ қой деп бүгін көзі?
Айтқанымды сынама деген емес,
«Күндеме де қарғама» – деген сөзі.

Мейлің сөк, мейлің мақта – оған не бар,
Бізден түк жоқ, өзінің иманы жар.
Қатесін тап, күндеме, жамандама,
Кейде жөн, кейде қате айтқан шығар.

Абай түгіл, ақылды көп жан өткен,
Түпсіз терең ғылымға көзі жеткен.
Солардың да бар сөзі бір жерде емес,
Кейі жөн, кейі қате айтып кеткен.

Алдыңғының соқпағын артқы түзер,
Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.
Мінін алып, міндіге мінсіз қосып,
Бұрынғыны жаңартып, жастар түзер.

Өңліге тағы өң беріп қырған қалай,
Түзетілмей шаң басып тұрған қалай.
Түзеймін деп қиратып күншілдікпен,
Дұрыс істі теріске бұрған қалай?

Осыны ұқсаң –ұғарсың көп сөзімді,
Алдасам, алмай-ақ қой еп сөзімді.
Әнге салып алаңдап, ұқпай жүрме,
Әншейін бір өлең ғой деп сөзімді

Автор: nurgul95 | 173 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Міне менде арман жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Міне менде арман жоқ)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақсұд)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақсұд)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жарымды жаным сүйді сүйе алмай тәнім күйді)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жарымды жаным сүйді сүйе алмай тәнім күйді)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мінін айтса бұзылмас кімнің түсі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мінін айтса бұзылмас кімнің түсі)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейіс дозақ молда айтқан сияқты емес...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейіс дозақ молда айтқан сияқты емес...)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Айна мен маймыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Айна мен маймыл)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаным сен жасымағын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаным сен жасымағын)
Қазақша өлең: Исаев Ерғали (Жаным менің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Исаев Ерғали (Жаным менің)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қызғанып қалма, жаным, сен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қызғанып қалма, жаным, сен)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Махаббат пен құмарлық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Міндеу мен күндеу өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Міндеу мен күндеу, шәкәрім құдайбердіұлы Міндеу мен күндеу өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Міндеу мен күндеу, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке