» » » Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші)

Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші)

Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші) на казахском языке
Сылдыр-сылдыр сырғалары
Жас ағаштар ырғалады.
Мөлдіреген көздеріңнен
Жүрегімде жыр қалады.
Көрсем деп ем көптен, осы
Қандай сұлу Орал кеші.
Еркелеші, кетпе деші,
«Қайтып тағы орал» деші.
Сырын нәзік шертер емен,
Сұранады көркем өлең.
Ақ сезіммен қараймын мен
Ақжайыққа еркелеген.
Желбірейді орамалым,
Қалар едім, жоқ амалым...
Жолым түссе, сағынышпен
Оралға әлі ораламын.
Гүл мұңаяр, жел басылып,
Өтер уақыт алға асығып,
Қайындарың күтсін мені
Күні-түні жолға шығып.
Өздерінше арманда әркім,
Ойланамын бір уақ.
Маған ғашық болғандардың
Әйелдері сұлу-ақ.
О, сұлулар, өздеріңе
Қарыздармын мен аман.
Тұнжыраған көздеріңе
Бір рахат қараған.
Өздеріңді асқақ ұстай
ЬІрғалған ақ гүлсіңдер.
Көрінбейтін бастауыштай
Өлеңімде жүрсіңдер.
Сезім бар ма мәңгілік дер,
Санамаңдар уақытты.
Мені сүйген сол жігіттер
Болса екен сәл бақытты.
Қызғанбаңдар мүлде менен
Басқа — менің ғашығым.
Оларға мен үндемегем,
Қарамағам жасырын.
Махаббаттың болмақ емес
Басы, ортасы, аяғы да.
Бәлкім, түк те болған емес,
Бәлкім, болған баяғыда-а!
Несіне өмір сүреміз —
Ұлы сезімді көтере алмасақ биікке,
Ілесе алмасақ — уақыт атты киікке.
Жабырқағанда жарқын сәулесін таппасақ
Қажеті қанша сүйіп те.
Несіне өмір сүреміз —
Адамдық емес, айланың сөзін алға сап,
Бір-бірімізді алдасақ.
Қиындық түссе, тығылсақ куыс-қуысқа,
Жанатын кезде — жанбасақ?
Несіне өмір сүреміз —
Оянбай ерте оянған әнші бұлбұлмен.
Сүймесек танды — алақанында күн күлген.
Сыйлай алмасақ, бірге жүргенде достарды,
Алдағы күнді кім білген...
Несіне өмір сүреміз —
Қоғамның қамын ойламай,
Ойламай жүрсек, толғандырады той қалай,
Заманның әрбір лебіне тағдыр адамды
Самарқау етіп қоймағай

Автор: nurgul95 | 105 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бәрінен де не сұлу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бәрінен де не сұлу)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)
Өлең: Күләш Ахметова (Алтын ай!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алтын ай!)
Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орал)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орал)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Төлегенге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Төлегенге)
Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен біреуді сағынам)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен біреуді сағынам)
Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Орал орманы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Орал орманы)
Өлең: Күләш Ахметова (Көршілер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көршілер)
Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Өлең: Күләш Ахметова ("Соңғы хабар")
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова ("Соңғы хабар")
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Орал кеші өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Орал кеші, күләш ахметова Орал кеші өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Орал кеші, Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке