» » » Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы) на казахском языке
Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін,
Қалайша оянғанда тістенбейін.
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон,
Күннің нұры түседі түстен кейін.
Далада жайқалуға жаралмаған
Жаныма таңның нұры таралмаған.
Шығыстан соққан самал,
сұранамын,
Түн ішінде оңаша орал маған!
Қара жерден жайқала,
шаншыла әрі
Шыға алмадым.
Айналам — әнші бәрі.
Тыңайтқышты топырақ —
мекенімде
Билемеді жаңбырдың тамшылары.
Айтылмады әңгімем желге менің.
Жапырағым жетпеді жерге менің.
Жағадағы қайықтай балкондарда
Жалғыздықтан қалтырап, тербелемін.
О, адамдар!
Сәулесін бетіме Күн
Түсірмейді.
Солды енді от реңім.
ұрығымды жиып ап осы күзде
Кең далаға шашыңдар,
Өтінемін!

Автор: nurgul95 | 133 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Балкондағы гүл мұңы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Балкондағы гүл мұңы, күләш ахметова Балкондағы гүл мұңы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Балкондағы гүл мұңы, Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке