» » » Өлең: Күләш Ахметова (Таң)

Өлең: Күләш Ахметова (Таң)

Өлең: Күләш Ахметова (Таң) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Таң) на казахском языке
Төгіл, шуақ!
Даланың көркін құрап,
Желмен ойнап желбіре, желпін, құрақ!
Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп
Жүгіріңдер, еркін жел, еркін бұлақ!
Суы — сылқым даланың, бұлты — сылаң,
Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!
Құстар әнін тыңдатып үй тұсынан,
Алма бақтар оянсын ұйқысынан!
Таңның нұры!
Ай жүзін жасырасың.
Төгіл!
Жарық үміттер жасымасын.
Ақ сәуледен тәж киіп басына шың,
Алтын шапақ далаға шашырасын!
Қуансын деп жарыққа қарап бәрі,
Асығады ТАҢ нұрын таратқалы.
Қандай бақыт — далада бидай толқып,
Тыныштықпен Еліңнің таңы атқаны!
Адамдарды таңдантып, мәңгі ойлантып,
Ұшқан құстай зулайды, самғайды уақыт.
Мына шексіз ғаламда
ӨЗ ДАЛАҢ мен
ӨЗ ОТАНЫҢ болғаны қандай бақыт!
ТАҢ келеді.
Бойында қанша нұр бар!
Өз Еліңдей ел болмас жер шарында.
Отандастар!
ОТАННЫҢ жаңа ТАҢЫН
Ерте оянып, қуанып қарсы алыңдар!
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ!

Қандай таң!
Тамылжыған, жарқыраған,
Гүлдердің жұпар иісі бұрқыраған,
Ақ маржан атқақтайды әр тұмадан,
Сайрайды тату құстар көк тоғайда,
Тоғайдың бер жағында жарқын алаң.
Алаңды жарып өтіп еркелікпен,
Тау суы көбік шашып сарқыраған!
Тар арна Күн нұрымен шағылысып,
Жатқандай ағып өтіп алтын одан.
Тойлаған ұлы таңды құстар құрлы
Білмейді-ау тіршіліктің парқын адам!
Алатау таңғажайып тәж кигенде
Жүрек пе шалқымаған, толқымаған?!
Мөлдіреп жаңа туған кәусар дүние
Табиғи салтанатпен сән құраған.
Қарсы алып атқан Таңды, шыққан Күнді
Бақыт қой көру деген әр күні аман!
Осы бір жер жаннатын қимас едім
Берсе де орнына оның жарты ғалам!
Қандай таң! Тамылжыған, жарқыраған!

Автор: nurgul95 | 130 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Бақыт жайлы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бақыт жайлы)
Өлең: Күләш Ахметова (Оюлар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Оюлар)
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлең: Күләш Ахметова (Өлең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өлең)
Өлең: Күләш Ахметова (Көше)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көше)
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлең: Күләш Ахметова (Жасыл жағалау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Жасыл жағалау)
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлең: Күләш Ахметова (Аппақ қар жасыл шыршалар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Аппақ қар жасыл шыршалар)
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлең: Жұмабай Арман (Бақыт деген)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жұмабай Арман (Бақыт деген)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, тасы, төгіл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, тасы, төгіл)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Домбыра)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Домбыра)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Таң өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Таң, күләш ахметова Таң өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Таң, Өлең: Күләш Ахметова (Таң) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке