» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды) на казахском языке
Қартым маған күнде сәлем жолдайды,
Қала жайы көңіліне қонбайды.
«Айналайын, бәрі де бар шаһарда,
Ал көкжиек онда бірақ болмайды!
Көре алмайсың таңның қалай атқанын,
Көре алмайсың күннің қалай батқанын.
Тек жарық пен қараңғыдан сезесің
Түн мен күннің кезектесіп жатқанын.
Зәулім-зәулім сарайы мол нән қала
Зеңгір көкті ортаға алған алқалап.
Көрсетпейді дуал көше
Аспанның
Оң жағын да,
Сол жағын да
Қалқалап.
Жұлдыздарсыз қалайша мен көшемін?!
Жұмбақ сырды қалай көксіз шешеміз?!
Қалаң сенің
Балқытқан да аспанды
Астауына құйып қойған көшенің.
Үйлер анау алынбас бір қамалдай.
Уілдейді,
Гуілдейді дем алмай.
Төбеңдегі ұзын аспан созылған
Аспан емес —
Төңкерілген каналдай.
Бар рақат далада ғой,
Далада!
Ұқсын мұны қария да,
Бала да!
Шаңырақтай дөңгеленген, әйтпесе,
Бүтін аспан көре алмадым қалада!»—
Дейді қартым,
Мен жымиып күлемін.
Айтыстым ба,
Жеңерімді білемін...
Мен ұғуын ұғармын-ау шалымды,
Бірақ мені ұға ма екен түлегім?!

Автор: nurgul95 | 111 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қартым маған күнде сәлем жолдайды, қадыр мырза али Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Қартым маған күнде сәлем жолдайды, Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке