» » » Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал) на казахском языке
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым менің, Оралым!
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойнында
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Өмірдің алтын кесесін
Тосқанмын айдың нұрына.
Кезгенмін Совет көшесін,
Кеудемді ашып құрбыма.
Сонау бір шетте сонау үй
Кетер ме, сірә, көңілден?
Алушы ед тартып мені ылғи
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды - жас терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Жүр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап үйге еніп?..
Сағындым сені, Оралым,
Күндер жоқ бейбіт бұрынғы.
Келгенше қайтып оралып,
Алып қал осы жырымды.
Сіркіреп жаңбыр жауғанда
Байқарсың өзің анықтап.
Жаным бір жүзер ауаңда,
Ауанда сенің қалықтап.
Қош болшы енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда!
Айтпақшы, қайда бораның?
Кетейін алып майданға!

Автор: zmataibaeva | 13 118 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Үйде қашан боламын?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Үйде қашан боламын?)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)
Реферат: Әдебиет | Қасым Аманжолов
Рефераттар жинағы
Реферат: Әдебиет | Қасым Аманжолов
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қасым Аманжолов
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Қасым Аманжолов
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Қарындасыма)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Қарындасыма)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Өткен күндер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Өткен күндер)
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Орал туралы ойлардан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Орал туралы ойлардан)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Сенің алма бағыңа...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Сенің алма бағыңа...)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Аспанымды бұлт торлап)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Аспанымды бұлт торлап)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Фатимаға жазған хаттан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Фатимаға жазған хаттан)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Қарындасым Марпуға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Қарындасым Марпуға)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тез барам)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тез барам)
Қазақша өлең: Орал қаласы
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Орал қаласы

KZ / Өлеңдер жинағы, Қасым Аманжолов Орал өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем, Қасым Аманжолов өлең, орал қаласы туралы өлең, орал туралы өлең, Қасым Аманжолов Орал өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем Қасым Аманжолов өлең орал қаласы туралы өлең орал туралы өлең, Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке