» » » Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)

Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)

Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда) на казахском языке
"Қоғалы көлдер, қом сулар"
Қонысы болған бұл елге
Бір тілек айтып кетейік
Ауылға қарай жүрерде.
Жігерге қанат бітірген
Жауынгер жерге
Тірерге
Табанның бүрі керегін
Кейбіреу кейде білер ме?
Егеулі найза алған ел
Ерекше бүгін Отан боп,
Ерлердің ісі біткендей,
Қайтқандай ескі қатал кек.
Қатар кеп қалған даму да
Даңқ қосып атын атар деп,
Мақтанар кезі туғанда
Мазасыз әлі Махамбет!..
Ақ Жайық суы!
Ақ көңіл елдің мінезі ең.
Еркесі елдің
Екеу де болса,
Бірі — өзің ең.
Аман бол,
Ару ақ айдын!
Жарасар жағаң елменен,
Шөлдеген жақтың көрмеген
Арманы болған ұлы өзен!
Жағаңда аз күн
Естілді менің
Наз үнім.
Күйіне қанып
Дина мен Құрманғазының.
Азының өзі көптен кем
Бола да қоймас,
Нәзігім.
Қызықтап келіп,
Қия алмай,
Қайтқаным —
Жалғыз жазығым.
Қаталға— қатал.
Мейірімге сонша бос ем мен.
"Қарлығаштайын қайта орал
Жыл сайын аман-есенде" —
Десең де,
Сезім
Аңсатқан
Айналып аппақ нөсерге,
Ұзатқан қыздай ұзақтан
Тілеулес болып,
Әрдайым
Жүрермін мен де осы елге!

Автор: nurgul95 | 106 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)
Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)
Өлең: Күләш Ахметова (Ләйлектер келгенде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ләйлектер келгенде)
Өлең: Күләш Ахметова (Мәрт көңіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мәрт көңіл)
Өлең: Күләш Ахметова (Уақыт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Уақыт)
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалған дүние)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жалған дүние)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Елмен қоштасу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Елмен қоштасу)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Ақ Жайықтан қайтарда өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Ақ Жайықтан қайтарда, күләш ахметова Ақ Жайықтан қайтарда өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Ақ Жайықтан қайтарда, Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке