Күләш Ахметова (Халық)

 Күләш Ахметова (Халық)

"Жасаған, әуелі халықты аман сақта,
халық ішінде қалқайтып бізді аман сақта".
(Әжемнің ұйықтар алдындағы дұғасынан)
Өз Отанын келетін танытқысы,
Халықта көп кеудесі жарық кісі.
Халық даусы қашанда айбынды, асқақ,
Қай кезде де қаһарлы халық күші.
Халық күші қашан да десең де ерек,
Лайықты бір перзент өсер бөлек.
Қанша күшті, қанша ұлы болса дағы,
Әр халыққа кемеңгер көсем керек!
Халқын ақын жырлауға хақылы деп,
Білем,
Оның ойы көп, ақылы көп.
Таңдамалы аз топқа алдарқанбай,
Қалсам дедім халқымның ақыны боп.
Қуаныш аз — жолымда кезікпеген,
Кеудемдегі жырымды ең нәзік деген
Арнаған соң —
Біртұтас байтағымнан
Бүкіл елдің құрметін сезіп келем.
Ортасында болуға жалықпап ем,
Жалғыз қалсам — жан орта, шабыт та кем.
Қандай қызмет жасадым, хан көтеріп
Маған сонша дем берген халыққа мен?
Мейіріміне қалай мен тоя аламын,
Сол емес пе аяулым, сая бағым.
Халқым аман болсын деп көзімді іліп,
Халқым аман болсын деп оянамын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі