» » » Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртымнан аулымның өттің, кеттің,
Үкісін тақияңның бермей кеттің.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 64 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Бекзатым өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Бекзатым казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Бекзатым, қазақ ауыз әдебиеті Бекзатым өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Бекзатым казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Бекзатым, Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке