Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала) » ZHARAR © 2016 | қазақстан туралы өлеңдер, қазақстан туралы өлеңдер жинағы, қазақстан туралы өлең, қазақстан туралы өлең жолдары, қазақстан туралы өлең шумағы, қазақстан туралы өлең шумақтары, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туган ел туралы олен жолдары




  • »

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала) казакша Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала) на казахском языке

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.

Автор: Күләш Ахметова


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 11 585
Рейтинг:
(голосов: 24)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, қазақстан туралы өлеңдер, қазақстан туралы өлеңдер жинағы, қазақстан туралы өлең, қазақстан туралы өлең жолдары, қазақстан туралы өлең шумағы, қазақстан туралы өлең шумақтары, күләш ахметова Жан дала – жәннат дала өлең стихи на казахском куляш ахметова казакша олен, күләш ахметова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куляш ахметова, куляш ахметова олендери, Жан дала – жәннат дала, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туган ел туралы олен жолдары, күләш ахметова Қазақстаным өлең стихи на казахском куляш ахметова казакша олен, Қазақстаным, күләш ахметова өлеңдері, қазақстан туралы өлеңдер, қазақстан туралы өлеңдер жинағы, қазақстан туралы өлең, қазақстан туралы өлең жолдары, қазақстан туралы өлең шумағы, қазақстан туралы өлең шумақтары, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өле, Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .