Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма Туған елін

  Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.Туған жер,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.Менің Отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер ол Жетісай қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Оған деген сағыныш сезімі басым тұрады.

Сен әрқашан өзің бармасаң да ,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдында"атаңның үйге кір"деген сөздері еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бой жеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным.Сонымен бірге мен елімнің кішкентай бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс.Ол мені құшағында мәпелеп қана өсірген жоқ,ол маған тәлімін,тәрбиесін берді.Сонымен қатар еңбекке баулыды.Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені салмақтылық пен сабырлыққа,кеңпейілділікке тәрбиелейді.Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі -бері сипап өтіп,қытырыңа тиетін,барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырлап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды...... 

Эсселер
Толық

Туған жер эссе

  Бар қазақтың қан тамыры ауылда,
Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.
Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,
Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.

Алтын бесік - ауылым! Оның бойында күретамыр болған Ор өзені. Ор - бір ғана сұлулық көрінісі ғана емес, Ор - алыстан ой арғытқан жолаушының аялдар, қонақтар мекені. Басын Мұғалжар тауынан алып, аяғын Ақжайыққа тірейтін еркелей аққан Ор өзенінің бойында алыстан мен мұңдалап тұрған Бөгетсай ауылы орналасқан. Бөгетсай - селолық округ орталығы, елді мекен. Ауыл тұсындағы ағып жатқан Ор өзенінің үстінен үлкен бөгет салынған. Соған байланысты осылай аталған. Ауылымызға жақын жерде Талдыбұлақ деп аталатын табиғи әсем жер бар. Ол жерге жазды күндері демалушылар жан – жақтан көптеп келіп демалады. Суға шомылып, балық аулайды...... 

Эсселер
Толық

Туған жер

Кіндігі арқаның көк орай алқабы,
Самалы жүзіңді құшады алдан.
Көгінде күн күлген мұндай жер кім білген,
Шарықтап ән болып құшады алдан.
Нұр тұнған өмірім,
Құлпырған өңірі ,
Өзгеден тұратын дара дархан,
Атыңнан айналдым Жаңаарқа.
Биыл Жаңаарқаның 90 жылдығы мен Алаш деп қазақтың қамын ойлған кемеңгер ақынымыз Сакен Сейфуллин 125 жылдық мерей тойы аталып өтілді. Жаңаарқаның халқының....

Эсселер
Толық

Туған жер туралы эссе

Менің кіндік қаным тамған жер Қаратау қаласы. Мен өз туған жерімді жақсы көремін. Менің туған жерім кенге бай. Мұнда Менделеев атамыздың химиялық элементтерін, айта кететін болсақ фосфор, мрамор, цемент, цианид шығарады. Бізде шахта бар, онда руда шығарылады.......

Эсселер
Толық

Туған жер туралы 4 сыныпқа эссе

Маған десе «Туған жер»- деген сөзді естігенде ішкен асымды жерге қояр едім. Меңіңше адам баласы өз туған елін, жерін құрмет тұтып өз елімен мақтануы......

Эсселер
Толық

Туған жерім-Түркістан,туған елім-Қазақстан

Туған жерім-Түркістан,туған елім-Қазақстан.
2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым.
Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам....

Шығармалар
Толық

Қазақстан туралы сурет салу. Тәуелсіз елім тірегім атты сурет көрмесі

Балабақшада "Тәуелсіз елім тірегім" атты сурет көрмесі өтті. Балдырғандар ата-аналарының көмегімен өз туған жерлеріне және қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсірген. Қазақстан туралы суреттерді және туған жер туралы суреттерді ұсынамыз!

Суреттер
Толық

Туған жер ыстық әрқашан!

Сайын қазақ даласы, киелі қара топырағымның аңғыған иісі...Адам бойында көзге көрініп, қолмен ұстамаса да жүрегін кернеп, тұла бойын шымырлататын ерекше махаббат сезімі болады. Соның ішінде туған жерге деген махаббатты сезініп көрдіңіз бе?! Мен ес білгелі орыстанған кішкентай ауылымыз біздің отбасымызды «оралмандар» деп атаушы еді. Отанға, туған жерге деген сағынышты, ерекше махаббатты сол «оралмандардан» көрдім. Сол «оралмандарыңыз» тілін шұбарлатпай, қазағымыздың бай тілін барынша паш етіп, көркем сөйлеп, ата-бабасының салт-дәстүрін б....

Шығармалар
Толық

Ыстық қой, шіркін туған жер!

Тарихқа көз жүгіртсек сонау ықылым заманнан сан ғасырлар бойы естіп өзімізбен бірге жасасып келе жатқан Шоқан Уалихановтың Қашқария сапары, «Орбұлақ» шайқасы, «Ұлы Жібек Жолы», VII ғасырдан астам уақыт тамырын тереңге жайған «Әулиеағаш», тұтастай ағаш арқылы Тянь-шань шыршасынан бірде-бір шегесіз қиюластырылған тарихи мешіті де еріксіз еске түседі. Дей тұрғанымен Қытаймен шекаралас жатқан бұл тұнған тарихқа толы өлкені біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондай-ақ бұл өлке «Желтоқсан» көтерілісінің батырлары Ләззат Асанова мен  Ербол Сыпатаевты, қазақ бейнелеу өнерінің дарабозы атанған Әбілхан Қастеев есімдерін дүниеге әкелген Алматы облысына қарасты Жазиралы Жаркент қаласы.

Тіпті атынан ат үркитін, атағы айғайлап тұрған адамның да қарадан бастап ханға дейін айналып келер, табан тірейтін мекені Туған жері бар емес пе? Иә, бұл менің Туған Жерім қазақылықтың қаймағы бұзылмаған орта саналатын Жазиралы Жаркентім. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов атамыздың: «Туған жердің....

Шығармалар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы