» » » Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)

Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)

Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні) на казахском языке
Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен
Даналыққа, адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік әнсің!
Ұшы жоқ, қиыры жоқ боз даладан
Ұшқан ән,
Бота болып боздаған ән.
Мұңды қыз,
Мұзбалақ ер, бозбаладан
Қалған ән,
Қалың шерді қозғаған ән!
Дүние-ай!
Бас — еріксіз,
Көңіл — қыран.
Ән — еркін, еркін үнім — бағым, мұрам.
Қазақтың кең даласы керемет күй,
Аспаны — тұнып тұрған көгілдір ән!
Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Асыл сөз, асқақ рух әуелеген,
Сен деген —
Жігерлі де, нәзік әнсің!

Білмеймін, аянышты сезімнен бе,
Мен кейде ұйықтағанда, көз ілгенде,
Түсімде кездесемін ащы сорға
Сүті ағып бара жатқан боз інгенге.
Салады боз тайлақтай ұлым асыр,
Қосады қоспақ түйе жырыма сыр.
Түйенің бұйдасы мен жүгін алған
Бұл ғасыр бір жағынан ұлы ғасыр.
Көзіңде, аруана, мұң бар, мықтым,
Себебін сен асықпай тұрғанда ұқтым.
Кейіме, ойсылқара, біздің заман
Заманы зымыраған жылдамдықтың.
Бал шұбат аңсатады жиі мені,
Сендегі қайсарлыққа сүйінемін.
Иімей эстрада әуеніне,
Ескі қобыз күйіне иігенің...

Автор: nurgul95 | 121 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Халық әні өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Халық әні, күлаш ахметова Халық әні өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Халық әні, Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке