» » » Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)

Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)

Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары) на казахском языке
"Талас" деген — грекше "теңіз" деген,
Бір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.
"Үшарал" — сол кездегі табылған ат,
Жер аты — ескерткіш сөз, ең ізгі өлең.
"Жалқамыс" жолбарысты есте шығар,
Боз таста "Бозтамшының" кестесі бар.
"Арнасы", "Ақкесене", "Көккесене",
"Суықжал", "Әулиесі", "Еспесі" бар.
Бар тағы бірге жатқан "Төрт ақыны",
Текке ме жұрттың одан қорқатыны.
Ғажабы —
Ғасыр бойы соққан самал
Күмбезде қобыз күйін тартатыны.
Жылдардың
аударылып парақтары,
Жел тұрар дәуір жырын таратқалы.
Бабалар ақындығын дәлелдейді
бейнелі "Таластағы" жер аттары

Автор: nurgul95 | 136 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Таластағы жер аттары өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Таластағы жер аттары, күләш ахметова Таластағы жер аттары өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Таластағы жер аттары, Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке