» » » Өлең: Күләш Ахметова (Саңырық батырдың оралуы)

Өлең: Күләш Ахметова (Саңырық батырдың оралуы)

Өлең: Күләш Ахметова (Саңырық батырдың оралуы) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Саңырық батырдың оралуы) на казахском языке
Құбылса да заман мен ғасыр қалай,
Шықпай қоймас жүзін бұлт жасырған Ай.
Із қалдырып кетсе де кең далаға,
Іздеушісі болмаған асылдар-ай!
Біздің іске болар ма кейде ырза олар?
Көздеріңді ашыңдар, ей, мырзалар!
Алшаң-алшаң басқанмен, сол ерлерге
Нөкерлікке жарамас кей мырзалар.
Қанаттыға берсе де қауіпті үйіп,
Қыран ұшар заңғарын тауып биік.
Батыр баба халқына қайта оралды
Қалқан ұстап, ат мініп, сауыт киіп!
Бере бермес табиғат күнде алыпты,
Бір ұлтқа тән біртұтас тұлғаны ұқтым.
Дара туған қазақтың батырлары —
Бөлінбейтін қамысы бір халықтың.
Бата біреу — қол жайып тілегенге,
Жүрегіңе үңілші жүдегенде.
"Қаратаудың басынан көш келеді" —
Қай қазақтың мұңы жоқ, бұл өлеңде?!
Беруге елі тиісті зор бағаны,
Аласармас батырдың арманы әлі.
Ойлағаны қазақтың даласы еді,
Бір ауылдың жері емес қорғағаны!
Жүйрікпін деп сұраман жүлде, тегі,
Қадіріме туған ел бір жетеді.
Елді қорғау ерлердің ісі болса,
Ерлікті айту ақынның міндеті еді.
Дүрмек танып, құрметке бөлемесе,
Кетеді екен ездерге ерен есе.
Түпкілікті жеңіске жету қиын —
Мықтылықты өз елі елемесе!
Кешір, баба, кеш алдық есімізге,
Кешігулер бұйырған осы бізге.
Көшімізге бұйдалы көлік тиіп,
Түсіп алдық біз біраз тосын ізге.
Текті, тексіз теңеліп бекер ғана,
Тоғытылып кеттік бір төте арнаға,
Қайқы шыңға қайтадан байрақ қадап,
Қалың елдің рухын көтер, баба!
Қойған әлем болмысын бояп қана —
Ұятта ма шын иман, аятта ма?
Шымылдығын шындықтың дүр сілкінтіп,
Парасат пен зердені оят, баба!
Тағдырына өзінің себеп те өзі,
Тарихына адал ма зерек көзі!..
Соғысы жоқ болса да мына заман —
Бірлік пен ерліктің ең керек кезі!
Ойлыға ойлы жау болу — ең жаманы,
Ойсыздықтар озғанда — олжа кәні?!
Бір батырға бір батыр медет болған
Бабалардың жақсы екен сол заманы.
Адамдарды құртады құлай ұқпау,
Алдымызда — ұлы үкім, ұлы айыптау.
Біздің ғажап даламыз жан пида боп
Сүю менен қорғауға лайықты-ау!
Туған дала танытты тойларға ыңғай,
Думан құрдық, дүрлігіп майдан құрмай.
Бостандығын сағынып қалған елге
Жәрдем бергей, Жасаған, ойландырғай!

Автор: nurgul95 | 73 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлең: Күләш Ахметова (Ас)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ас)
Өлең: Күләш Ахметова (Тал бесік)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Тал бесік)
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні
Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы)
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлең: Күләш Ахметова (Зерде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Зерде)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Біз қазақтың екі ақыны біргеміз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Біз қазақтың екі ақыны біргеміз)
Өлең: Күләш Ахметова (Башқұртстанға барғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Башқұртстанға барғанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлең: Күләш Ахметова (Ер адамдар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ер адамдар)
Өлең: Күләш Ахметова (Кеніш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Кеніш)

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Саңырық батырдың оралуы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Саңырық батырдың оралуы, күлаш ахметова Саңырық батырдың оралуы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Саңырық батырдың оралуы, Өлең: Күләш Ахметова (Саңырық батырдың оралуы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке