» » » Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме)

Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме)

Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме) на казахском языке
Ақын:
Алдыменен ана керек балаға,
Жас күнімнен орнаған соң санама,
Көрмесем де, жиі-жиі мұңайып,
Сағынышпен жыр арнағам анама.
Оқырман:
Тапқырлықтың өлшемі емес ол да онша,
Тақырыптар таңдай білсең мол қанша,
Анам жоқ деп өмір бойы екеумен
Жазасың ба, өзін ана болғанша?
Ақын:
Жырымды оқып мұңайып сен қосыла,
Өзгеріпсің, енді айтарың осы ма?
Қарыз жайлы, парыз жайлы ой туып
Адалдықпен жыр арнадым досыма.
Оқырман:
Жыр арнадың ағайыңа, жеңгеңе,
Жыр арнадың жапыраққа, желге де.
Азаматтық әуен қайда, ойыңның
Айқайыңа айналмаған ел неге?
Ақын:
Қосып көлем басқа ақындар қатарлы.
Оған деген сезден шабыт от алды.
Әкемсің деп жырға қостым жасымнан
Бақыт берген, шабыт берген Отанды.
Оқырман:
Арыны асқақ замананың қазіргі.
Лирик ақын дейді ғой жұрт өзіңді.
Ақындардың шаруасы емес саясат,
Жазбайсың ба мөлдір, нәзік сезімді.
Ақын:
Өмір жайлы айта алмадым ашып түк,
Өкініштің дәмін біздер жас ұқтық.
Махаббаттың өлеңі көп жанымда,
Мені ақын еткен ғашықтық.
Оқырман:
Кәрі ақындар «ғашықпын» деп жасарды.
Көбісінің ойлары ескі, жасанды.
Жаңа толқын келе жатыр өкшелеп,
Сүю жайлы жазасыңдар қашанғы?
Ақын:
Айтыс қой бұл ғасырларға созатын,
Тақырып бар тозбайтұғын, тозатын.
Бар мәселе шеберлікте емес пе,
Тақырыбын таңдамай ма өзі ақын?
Оқырман:
Тіршіліктің байқаған соң сырын мың,
Болғаны жөн өзіңнің де бір үлгің.
Әдемі өлең бар-ау сенде, әйтсе де,
Бәрі бірдей жүйрік емес жырыңның...
Ақын:
Оқырманым, қойдың талай сұрауды,
Саған жауап іздеп тағы түн ауды.
Үйретсем деп ойлағам жоқ жырыма
Оқығанның барлығына ұнауды.
Махаббатпен жыр арнадым халқыма.
Бірақ жақсын дегенім жоқ жалпыға.
Жүрегімнің сөзін айттым жалтақсыз,
Ұнатпасаң менде ме екен бар кінә?
Қиын екен ел сынынан өту шын.
Оңай деме ой шілтерін тоқу шын.
Бәрін жаттап алатын жыр жазар ем,
Бәрің бірдей емессің ғой, оқушым

Автор: nurgul95 | 120 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Шабыт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Шабыт)
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақын)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Халық)
Шығарма: Қазақ аспанында - Қасым рухы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақ аспанында - Қасым рухы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)
Өлең: Күләш Ахметова (Алтын жаңбыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алтын жаңбыр)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Өзі жайлы ойланғасын туғалы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Өзі жайлы ойланғасын туғалы)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақын әйел)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақын әйел)
Өлең: Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)
Тақпақ: Ақын болам
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ақын болам
Қазақша өлең: Рахат Абдрахманов (Ақын мен жұлдыз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Рахат Абдрахманов (Ақын мен жұлдыз)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Оқырманмен әңгіме өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Оқырманмен әңгіме, күләш ахметова Оқырманмен әңгіме өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Оқырманмен әңгіме, Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке