Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның
Біледі паравоздың дөңгелегі.
Махаббат дейтұғын бір құрғыр оттан
Ұшқан нұр ақын көзін бұлдыратқан.
Пушкин мен Лермонтов жүрегіне
Қадаған дұшпандары бір-бір оқтан.
Мен осы аруақтарға басымды идім.
(Азабын шекті дейді Қасым үйдің)
Жауыздар!
О, жауыздар!
Тірідей-ақ
Терісін сыдырыпты Насимидің!
Түршігіп,
Айналады денең мұзға:
Жеткенде ақын қолы әрең қызға,
Тәңірін сататындар хандық үшін
Вагипті лақтырыпты терең құзға.
Ақынның кемел кезі —
Бесін шағы.
Ергелі отырғанда осынша ауыл,
Қапыда,
Ойда жоқта
Опасыздық
Әкеткен Махамбеттің басын шауып.
Қанша аруақ аты түгел аталмаған!
Жалтарсам,
Қарайды олар қатал маған.
Тұрғанда ақын тірі
Ешбір патша,
Ешбір хан
Тыныш ұйықтап жата алмаған!
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның
Біледі паравоздың дөңгелегі.
Махаббат дейтұғын бір құрғыр оттан
Ұшқан нұр ақын көзін бұлдыратқан.
Пушкин мен Лермонтов жүрегіне
Қадаған дұшпандары бір-бір оқтан.
Мен осы аруақтарға басымды идім.
(Азабын шекті дейді Қасым үйдің)
Жауыздар!
О, жауыздар!
Тірідей-ақ
Терісін сыдырыпты Насимидің!
Түршігіп,
Айналады денең мұзға:
Жеткенде ақын қолы әрең қызға,
Тәңірін сататындар хандық үшін
Вагипті лақтырыпты терең құзға.
Ақынның кемел кезі —
Бесін шағы.
Ергелі отырғанда осынша ауыл,
Қапыда,
Ойда жоқта
Опасыздық
Әкеткен Махамбеттің басын шауып.
Қанша аруақ аты түгел аталмаған!
Жалтарсам,
Қарайды олар қатал маған.
Тұрғанда ақын тірі
Ешбір патша,
Ешбір хан
Тыныш ұйықтап жата алмаған!
Автор: nurgul95 | 86 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ей жас жігіт)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Кәрі бұлбұл)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Не ұтып неден ұтылдым?)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қорыққанда)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Сый)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұл жерде)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдастар арасында)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)

Шығармалар жинағы
Шығарма: Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Рахат Абдрахманов (Ақын мен жұлдыз)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мың жұлдызы болса да)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)