Күләш Ахметова (Шабыт)

 Күләш Ахметова (Шабыт)

Ірікпей, билей алмай сезім легін,
Келеді өлең жазып, көз ілмегім.
Боранда отырайын боп-боз болып,
Боздатып қара өлеңнің боз інгенін.
Қатты жел кар үйірсе бұрқыратып,
Оқысын өлеңімді жұрт ұнатып.
Өлең бе тыңдаушының жүрегіне
Жетпесе сан-сүйекті сырқыратып.
Ақын көп ұқсас сөзі, өлеңдері.
Бірі артық жазар бәлкім менен гөрі.
Кеткелі кемел сөздің кемеңгері
Қозғалмай жатыр жырдың тереңдері.
Адамды апатты ойға жібермеген,
Көлдерден, мұхиттардан үні өрлеген,
Майданға араласса, жеңіп шығар
Керек бір қолбасшыдай жігерлі өлең.
Біреулер жасар көңілін жұбатып той.
Біреуді кетер езіп жылатып та ой.
Өлеңді шығаратын ақын емес,
Өлеңді шығартатын уақыт қой!
Өлеңін тау тыңдаған, тал тыңдаған,
Алысқа шалдықпаған, алқынбаған,
Жетпей тұр кең далаға бір ұлы ақын,
Жетпей тұр бір ғажап үн саңқылдаған.
Тыңдайтын қыздар көзін жәудіретіп,
Жүретін қариялар әңгіме етіп,
Солқылдап үлкен залдар қошеметтеп,
Беймезгіл жаңғыратын тау дір етіп.
Дүние ширыққандай сәл тарылып,
Теңеуі тіршіліктің дәл табылып,
Біле алмай өмір қайсы, өлең қайсы,
Оқырман қалатұғын аңтарылып.
Жыр жазар ақын керек бұл өмірге,
Ғасырлар көрмесе де түр, өңін де,
Есімі қалатұғын жер бетінде
Жасаған адамдардың жүрегінде!
Ол ақын туды ма әлде, тумады ма,
Туса, мен батам неге мұңға мына?
Тумаса отырайын өзім орап
Әлемді өлеңімнің шумағына.
Дүлей күш оятқанда сезім легін,
Түнімен сөздер борап, көз ілмедім.
От көсеп — өлең жазып отырғанда
Жердегі ен. мықты ақын — өзім менің!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?