» » » Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)

Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)

Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа) на казахском языке
Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!
Басқа алтынға қызықпаймын,
Сен менің шексіз алтын байтағымсың.
Көріндің маған ыстық өзің бірден,
Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.
Мезгілге рақмет жер танытып,
Өзімді еркін, ерке сезіндірген.
Жан дала! Дәстүрің бар ел сақтаған,
Інжу мен маржаныңды көрсет маған!
Елімнің өнер қонған бесігіне
Өлеңмен тізілдіріп моншақтағам!
Жүректе жататын ең атың ұнап,
Көрудің бүгін түсті сәті бірақ.
Кеңдігің бақыт дейміз,
Көшпелі елің
тар болсаң, тұрар ма еді татуырақ ...
Қайтейін, қозғамайын өткеніңді,
Шештім ғой бүгін түйе шекпенімді.
Тоқтатып жолдастарды тұрдым біраз,
Иіскеп жол бойы ескен шөптеріңді.
Жақсыңды іздестіріп, сұрастырғам,
Талантқа біздің дәуір гүл аштырған,
Замандар заңғарынан ән дарыған
Өлке бұл Әсет туған, Күләш туған.
Ақтоғай, жер екенсің ақ түсі көп.
Ақша бұлт аспаныңда бақ құсы боп —
Сызылған ракетаның белдеу ізін —
Қалқиды қанатымен жапқысы кеп.
Жоқ менде оңаша арман, оңаша мұң,
Жер — ошақ, аман болсын сол ошағым.
Кең далам, ойлантады кешегің мен
Бүгінің, әсіресе болашағың.
Батады, мұңың болса, ботаңа тым,
Ботаңмын ардақтаған Отан атын.
Бабамның жаны болған, әні болған,
Сарыарқа, мақтанышым, махаббатым!
Сарыарқам, жазық арқам, жарқын арқам,
Әлемде бөлек сенің даңқың, арқам.
Байтағым, байғазым деп көргеніме,
Өлеңім — тағып кеткен алтын алқам!

Автор: nurgul95 | 143 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Замандар заңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Замандар заңы)
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Таң шапағына құштармын)
Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)
Өлең: Күләш Ахметова (Достық жыры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Достық жыры)
Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)
Өлең: Күләш Ахметова (Қазағым менің)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қазағым менің)
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өз елім)
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)
Өлең: Күләш Ахметова (Өкініш өлеңі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өкініш өлеңі)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Сарыарқа өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Сарыарқа, күләш ахметова Сарыарқа өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Сарыарқа, Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке