» » » Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)

Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)

Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма) на казахском языке
Су суыған октябрьдің соңы бұл,
Алма бақтан қайда әкеткен толы гүл?!
Жасырынып жалғыз алма қалмап па,
Жапырақтардың тасасына мол үңіл.
Тыныштықтың құлаққа кеп тұр үні,
Кешіреді бағбан сендей ұрыны.
Қалған алма көрсең, еркін үзіп ал,
Таңдайыңда қалар тәтті шырыны.
Ай осылай дөңгеленер толғанда,
Күн қызарар батар кезі болғанда.
Жаз қызуын, ай кескінін алған соң
Тәтті болмай, не болады соңғы алма?!
Күн жып-жылы.
Бәйтеректер тік те ұзын.
Өткен уақыт түсірмепті тіпті зіл.
Сап-сары бақ. Көгілдір тау.
Көк аспан.
Соңғы алма мен еңкейген күн қып-қызыл!

Автор: nurgul95 | 354 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Қызыл алма өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Қызыл алма, күләш ахметова Қызыл алма өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Қызыл алма, Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке