» » » Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)

Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау)

Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау) на казахском языке
Ақ босаға аттадыңдар сәтті күн,
Сезіп тұрмын сезімдердің пәктігін.
Көктемдегі дариядай тасысын
Көптен күткен қуанышым, шаттығым.
Той-думанға шөлдеп қалған екен ел,
Орындалсын айтыстар мен жеке өнер.
Телқозысын тең әлпештеп бүгін бір
Тебіреніп сөйлесінші әкелер!
Ынтымақсыз өнер алға тарта ма,
Бір көріңдер — тағдыр жүгін арта ма.
Қарақтарын батасымен қолдасын
Қарқарадай кимешекті қарт ана.
Айдай екен айналайын келінім,
Құлағына құйып отыр ел үнін.
Екеуіңнің ел-жұртың бар, далаң бар,
Ақтарсыңдар еңбегі мен сенімін.
Қазақ төрге қадірлісін шығарар,
Қашанғыдан төрге құмар жүдә олар.
Екі жастың басына емес,
Көп нәрсе
Сендерге де байланысты, құдалар!
Келін түсті, жаны — шуақ, ойы — гүл,
Көтерілсін достарыңның бойы бір.
Дастарқанға бар байлығын салатын
Дала көңіл дарқан елдің тойы бұл!
Отырсыңдар берекелі бейнемен,
Осындайда қозғайды екен ойды өлең.
Шаттан, жұртым, екі аққудың тойында,
Ойын-күлкі отаны ғой той деген!
Келін, сенің жолың құтты шамамда,
Назарыңды аударып қой маған да.
Түскен жерің — қадірлі жер, біліп қой,
Тегін емес бетіңді ашқан ағаң да!
Жас жұбайлар, кездессе де не күндер,
Мұқалмаңдар, мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер!!!

Автор: nurgul95 | 269 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем көк теректер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем көк теректер)
Өлең: Күләш Ахметова (Өлең дәні)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өлең дәні)
Өлең: Күләш Ахметова (Мәрт көңіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мәрт көңіл)
Өлең: Күләш Ахметова (Ене сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ене сөзі)
Өлең: Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)
Өлең: Күләш Ахметова (Отанды сүю)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Отанды сүю)
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)
Ертегі: Жұмсауық келін
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жұмсауық келін
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Айша бибі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Айша бибі)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Сен — қазақсың!)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Сен — қазақсың!)
Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге)
Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Той бастау өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Той бастау, күләш ахметова Той бастау өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Той бастау, Өлең: Күләш Ахметова (Той бастау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке