» » » Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)

Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)

Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер) на казахском языке
Бұл көктемді алты ай қыс күтіп едіңдер,
Осылай басталады екен бүкіл өмірлер.
Тал, теректер, түн бойы толғақ қысып,
Бебеу қағып, ыңырсып, уһіледіңдер.
Азабыңды түсіндім мен басыңдағы,
Дөңбекшиді қою бұлт — қорғасын дағы.
Сезінгендей майданды енді осындағы —
Түні бойы сыңсыған жел басылмады.
Мұндай кезде қалайша тыншымақ қырлар,
Күндіз сезген қуатын күншуақтың қар.
Қас қарая толғатқан ана — ағаштар,
Таң ата талықсып барып, бүршік аттыңдар!
Көктем ғой бұл жылынар суық құмдар да.
Көктеректер, айтпай-ақ мұны ұқтыңдар ма?
Күн нұрымен маужырап қалғисыңдар,
Түні бойғы күресті ұмыттыңдар ма?
Өмірге өмір қосып, тынықтыңдар ма?
Мен білемін бұл таңды шын күткеніңді,
Түні бойы сездіріп тірлікке мұңды.
Күн шыққанда тұрсыңдар жасыра алмай
Шуақ кескен көк бүршік — кіндіктеріңді.
Жер-ана да бұл сәтті күтіпті ай, күннен,
Күрсінді ол да жасыңды жұтып қайғыңмен.
Түніменен толғатқан көк теректер,
Таң ата бүр жарғандарыңмен құттықтаймын мен!

Автор: nurgul95 | 120 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Көктем Көктеректер өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Көктем Көктеректер, күләш ахметова Көктем Көктеректер өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Көктем Көктеректер, Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке