Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен) » ZHARAR © 2017 | ерлан жүніс Қыз бойжеткен өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, Қыз бойжеткен, қыз туралы өлең шумақтары, қыз туралы өлең, қыз туралы өлең жолдары, Қыз бойжеткен туралы өлең олен




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен) на казахском языке

Қызбойжеткен дегенде, қызбойжеткен,
Көктем көктем емес қой, қыз ғой көктем!
Күні бойы көз алмай көкжиектен,
Түні бойы телміріп түзге әйнектен,

Кімді ғана күтеді, сездің бе осы,
Бұл жүректер дерттенер кездің басы?..
Қыз баланы мұңайтар белгісіздік,
Қыз баланы есейтер көздің жасы...


Бізге де ауыр тигені-ай сыр кеселі,
Сыр кеселін, сүймесем, білмес едім.
...Біздің бақта гүлдеген алмалардай,
Күндіз емес, қыз бала түнде өседі.


Сұлу сырын бір ашса, түн ашады,
Жанарында мөлдіреп бұла шағы,
Түнде ашылар қызғалдақ секілденіп
Түні бойы сезімдер бүр ашады!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 586
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .