» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс) на казахском языке
-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Мен сені жан досымдай қадірлеймін,
Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.
Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті су
Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін.
Ас-суың керегінше даяр қылам,
Кем-кетік жерің болса, даяр тұрам.
Жаз жетсе - қорқынышсыз, қыс уайымсыз,
Далада мың қорқыныш, суық боран.
Аңшы да мылтығымен ата алмайды,
Қаршыға жақындауға бата алмайды.
Күн ұзын жырың жырлап отырасың,
Басқа жан мұндай рақат таба алмайды.
-Жоқ, мырза, бұл мақтаған қапасында,
Кірмейтін боран, суық лапасыңа
Бермеймін қалың ағаш, өзен-суды,
Келсе де мың бір пәле бұл басыма!
Жайнаған түрлі гүлмен кең даламды,
Қай жаққа ұшсам-қонсам кең даламды,
Балақай, асу-суыңмен сыйланам деп,
Жанымнан, өз еркімнен құр қалам-ды.
-Кең дала, қалың ағаш, аққан бұлақ,
Сүйкімді маған-дағы жасыл құрақ.
Құсеке, соны ойлашы, суық болса,
Қыласың үсіместей қайда тұрақ?
Кетемін онда ұшып жылы жаққа,
Қысы-жаз қар жаумайтын біздің баққа.
Қар кетіп, сіздің жақта жылы болса,
Қайтадан ұшып келем ескі таққа.
-Адассаң жазатайым жолдан шығып,
Құр тоңып өлмейсің бе боран соғып?
-Шырағым, оның үшін қорқа қойма,
Жасаған жол көрсетер қайырым қылып

Автор: nurgul95 | 184 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Бала мен құс өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Бала мен құс, мағжан жұмабаев Бала мен құс өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском Бала мен құс, Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке