» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қысқы жолда)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қысқы жолда)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қысқы жолда) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қысқы жолда) на казахском языке
Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді,
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі...
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап.
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді.
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді.
Барады үдеп бұл боран
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп,
Әлде нелер келеді.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі?

Автор: nurgul95 | 174 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Қысқы жолда өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Қысқы жолда, мағжан жұмабаев Қысқы жолда өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском Қысқы жолда, Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қысқы жолда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке