» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес) на казахском языке
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып.
«Үй жанып барады!» - деп хабар берді
Жүгіріп келіп біреу түсі қашып.
«Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп,
Есепке қайтып келіп салайық», - деп.
Айтады екіншісі: «Мың сомым кем,
Тоқтаңдар, соны әуел санайық», - деп.
«Кем, - деді, - екі мыңым, - және бірі, -
Қараңдар, ап-анық тұр кемі, міне!»
«Қой, - десті өзгелері, - бұл өтірік,
Болмаса керек қате ондай ірі».
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі.
Бірталай ерегіспен мезгіл өтті,
Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті.
Есептің бітуіне от қарар ма?
О дағы түтіндетіп келіп жетті.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған -
Бәрі де мал-мүлкімен күйіп кетті.
Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі - оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан

Автор: nurgul95 | 158 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Үлес өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Үлес, ахмет байтұрсынұлы Үлес өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Үлес, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке