Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Батар күн) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев Батар күн өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Батар күн)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Батар күн) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Батар күн) на казахском языке

Батар күн,
Келер түн,
Атар таң,
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен,осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Жақындық сеземін -
Жерден де аспаннан,
Жылылық сезінем -
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы,мен,өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 768
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .