» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - донормын)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - донормын)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - донормын) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - донормын) на казахском языке
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да кәріңе!
Кімге қан керек?
Ішуге емес, дәріге...
Мен - донормын.
Шипа болар қаным бар.
Қабылдаңдар,алындар.
Менің жылы қанымның
Қасиетін таныңдар.
Жоқ!
Ақшаға сатпаймын!
Аурулар алдында,
Борышымды ақтаймын.
Өмір беріп өзгеге,
Өмірімді сақтаймын!
Мен - донормын.
Таза қан.
Сақ боласыз жазадан,
Сақ боласыз мазадан,
Қабылдаңыз?!
Көп берем де, аз алам,
Сіздегі сансыз түтікпен
Менің қаным өтеді,
Маған сол да жетеді!
Сіздегі жылы жүректе
Менің қаным соғады.
Маған сол да болады!
Сіздің мидың, біздің қан
Болып жатса қорегі.
Басқаның не керегі?!
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да, кәріңе!
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Ішуге емес!
Дәріге!

Автор: nurgul95 | 138 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Мен - донормын өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Мен - донормын, мұқағали мақатаев Мен - донормын өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Мен - донормын, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - донормын) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке