Бiр халық – бiр ел – бiр тағдыр » ZHARAR © 2016 | Бiр халық бiр ел бiр тағдыр қазақша жаңалық, Бiр халық бiр ел бiр тағдыр, казакша жаналык жана Бiр халық бiр ел бiр тағдыр, свежие новости на казахском Бiр халық бiр ел бiр тағдыр




  • »

Бiр халық – бiр ел – бiр тағдыр

Бiр халық – бiр ел – бiр тағдыр казакша Бiр халық – бiр ел – бiр тағдыр на казахском языке

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.

– Қазіргі уақытта бізді мазалаған түпкі ой – қазақ деген бір атаудың төңірегінде ұйысып, бүкіл халық қазақ мемлекеті деген дәрежеге көтерілсек деген ізгі тілек қана. Түркияны жақсы білесіздер. Түркияда қанша ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Бірақ олар түгел түрік деген ұлттың төңірегіне топтасып, бүкіл әлемді тамсандырып отыр. Меніңше, ұлтшыл болған жақсы, бірақ ең алдымен мемлекетшіл болған абзал. Мемлекетсіз ұлт пен басқа құндылықтар адыра қалары анық, – дейді «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшісі.

Өз кезегінде сөз алған ақын Нармахан Бегалыұлы ұлт пен мемлекеттің мықтылығын айқындайтын шарттарға кеңінен тоқталып өтті.
– Қазіргі таңда қазақ халқының қалыптасуы, рулық, жүздік құрылымдарға бөліну себебі мен шежірені тарқатып көрсетуде тарихшыларымыз әлі күнге осалдық танытып келеді. Жер дүниені жаулаған Напалеон Бонапарттың бірде: «Тарихты біз жасаймыз, бірақ оны тарихшылар бүлдіреді», – дегені бар. Ел болып, еңсе тіктейміз десек, ең алдымен өткен тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды түгендей білгеніміз жөн. Әрине, айтылып жатқан ұсыныстар құптарлық. Жүзге, руға, атаға бөлініп, тіршілік кешетін ағайындардың бүгінгі тірлігіне тоқтам қажет-ақ. Әйтсе де, таяқтың екі ұшы бар. Әуелден жеті атадан асырып, қыз алысып, қыз беріскен, осы арқылы таза қанын сақтай білген қазақ дәстүрінен ажырап қалмағанымыз мақұл. Қалай дегенде де, рулық, тектік тазалық қазақ қанында сіңіп қалған дәстүр, – деді жазушы. Кездесуге жиналған зиялы қауым өкілдері халықтың әлеуетін көтеруде тарихтан сабақ ала отырып, елді бірлік пен еңбекке шақыру керектігін, халқымыздың мәдениетін арттыру, еліміздің келешегі саналатын жас буынды тарихты терең білуге, дәстүрі мен әдет-ғұрпын ардақтап, құрмет тұтуға шақыру жолдарын қарастырып, жан-жақты талқылады. Сайып келгенде, зиялылар қауымы тағы да ұлтшылдықтан емес, ұлтсыздықтан сақтануға шақырды.

Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 385
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

. .