Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады

Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады казакша Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады на казахском языке

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Google Translate жүйесіндегі ауызша аудармалар (Voice-to-Text технологиясы) қызметіне қазақ тілін қосу жобасының таныстырылуы өтті.

Бұл туралы аталған қоғамдық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламадағы мәліметке сүйенсек, баспасөз конференциясына "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мен Beeline KZ Қазақстан компаниясының Корпоративтік коммуникация директоры Алексей Бендзь қатысты. Рауан Кенжеханұлы бұл технология қазақ тілінің цифрлық құрылғыларда кеңінен қолдануына жол ашатындығына және Google Translate жүйесіндегі аударма сапасын жаңа деңгейге көтеретіндігін атап өтті.