Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды » ZHARAR © 2017 | магистратураға, түсті, Мәдениеттану, ұлттық, Еуразия, Жанар, Дұғалова, Ғарифолла, спорт, Танымал, мамандығы, бойынша, университеттің, Мәдениет, хабарлайды, университетіне, Астанадағы, дайындаймыз, музейге, факультет, Жанар Дұғалова, магистрант




  • »

Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды

Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды казакша Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды на казахском языке

Танымал әнші Жанар Дұғалова Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне магистратураға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Baq.kz тілшісіне аталған университеттің професоры Ғарифолла Есім Орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді.

"Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен Еуразия ұлттық университеті арасында байланыс бар. Өйткені, мәдениеттің тариxы, теориясы болады. Нағыз істерді министрлік атқарады. Ал біз маман даярлаймыз. "Мәдениеттану" мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды оқытамыз. Сондай-ақ PHD-доктарантура бар. Осы болашақ мамандарды Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық музейге дайындаймыз. Биыл "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураға танымал әнші Жанар Дұғалова түсті", - деген Ғарифолла Есім факультет тынысымен таныстыра келе.

Естеріңізге салсақ, былтыр бұл университеттің дәл "Мәдениеттану" мамандығына белгілі қазақ әншісі Қайрат Нұртас та түсіп, магистрант атанған болатын.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 568
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .