"Нұр Отан" депутаттыққа үміткерлер тізімін жария етті » ZHARAR © 2017 | партиялық, Азаттық, Партиялық, енген, партиясы, Нұрлан, хабарлайды, тізімде, мәжілісіне, жариялады, сайлауға, парламент, тізімін, кандидаттардың, Бекболат, Тілеухан, кірген, спортшылар, Балиева, Тізімге




  • »

"Нұр Отан" депутаттыққа үміткерлер тізімін жария етті



"Нұр Отан" партиясы парламент мәжілісіне ерте сайлауға кандидаттардың партиялық тізімін жариялады деп хабарлайды Азаттық.

Партиялық тізімге 127 адам енген. Депутаттыққа ұсынылғандардың 30 шақтысы бұған дейінгі, 5-шақырылымдағы мәжілістің депутаты. Партиялық тізімде бірқатар спортшы, әнші мен мәдениет саласының өкілдері бар.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, партиялық тізімде саясаткерлер Дариға Назарбаева, Гүлшара Әбдіхалықова, Нұрлан Нығматулин, Ахметжан Есімов, Мәулен Әшімбаев, Гүлжан Қарағұсова, Қуаныш Сұлтанов, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Даниал Ахметов, Сергей Кулагин, Алик Айдарбаев, Зағипа Балиева, Бекболат Тілеухан енген.

Тізімге кірген спортшылар арасында Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев, әншілерден Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, актер Нұрлан Әлімжанов бар. Журналист Артур Платонов та бар.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 482
Жаңалық айдары: Саясат, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .