Алматы - Оңтүстік Астана

Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Мәтіндер
Толық

Отан үшін құрбандыққа шалынған қыз-жігітер!

1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын.
Сол кезде олардың шамасы...

Әңгімелер
Толық

Сабақ тақырыбы Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу
10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
Сабақ мақсаттары: - өнеркәсіпте негізгі алу әдістерін біледі;
- негізгі құймалардың құрамын және қолдануын анықтайды;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті

"Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңалықтар
Толық

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық