Отан үшін құрбандыққа шалынған қыз-жігітер!


1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын.
Сол кезде олардың шамасы елін өркениет жолына салу үшін несие сұрауға Батыс Германияға елші жіберуге әрең жетіпті.
Әрине, ешбір ел басқаларға ақшаны бостан-босқа қарызға бере салмайды. Батыс Германия жағы өздеріне жеткіліксіз болған жұмысшылар мен медбикелерді Оңтүстік Корея халқынан қамтамасыз ету арқылы, солардың жалақысын кепілдікке қойып 140 миллион марка (100 миллион доллар) несие беруге келісіпті.



Корея билігі өз халқына осы жағдай туралы ашық түсіндіріп, халықтан көмек сұрағанда 46,000 қыз бен жігіт Батыс Германияға барып ақысыз еңбек етуге дайын екендігін айтыпты. Олардың көбі колледж студенттері немесе, орта мектепті жақында ғана бітірген өрімдей қыз-жігіттер еді.
Сонымен 46 мың қыз бен жігіт өз елінің болашағы үшін "құрбандыққа шалынып" Кампус әуежайынан Батыс Германияға аттаныпты.
Қыздар шалғай ауылдардағы ауруханаларға таратылады. Неміс тілін білмейтін медбикелердің басты міндеті - өлгендердің мәйітін тазалау. Спирт сіңірілген шүберекпен қайта-қайта мұқият сүрту, күні бойы жүздегген мәйітті сүрту, қайталап сүртіп тазалау олардың жжұмысы. Өлі денемен күні бойы бірге болу несі жақсы дейсің. Олар жылады, бірақ қайтадан еліне қайтпады, төзіп бақты.
Ал ерлері керісінше, 1000 метрден де терең шахталарда, ауасыз, қапырық ыстық жағдайда көмір қазды. Неміс жұмысшылары күніне сегіз сағат қана жұмыс істесе, корей жұмысшылары жер астында 10 сағаттан астам жұмыс істеді. Тіпті неміс теле бағдарламалары мен газеттері корейлердің керемет еңбекқор халық екеніне, олардың төзімділігіне таңданғанын ашық жазып жатты.
Үш жылдан кейін, 1963 жылы Батыс Германия президенті Любкидің шақыруымен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе (қазіргі Пак Гын Хенің әкесі) Батыс Германияға барды. Ол кезде Корея кедей ел болғандықтан, оларда президенттік ұшақ болмаған еді. АҚШ арқылы ұшақ билетін брондағанымен президент Пак Кын Хе әскери төңкеріспен билікке келгендіктен АҚШ ұшақпен қызмет көрсеткісі келмей, билеттің күшін жойыпты.




Бұл хабарды естіген Батыс Германия жағы Корея президенті Пак Кын Хег-ні қонақ етуге өз самолетін жіберіпті. Осындай қиын жолмен жүріп жеткен Президенттерін германиядағы кәрістер жылы қарсы алды.
Германияға келген президент Пак пен президент Любки шахта жұмысшыларына шабыт беру үшін шахтаға барды. Кореялық жұмысшылар Президентті қарсы алу үшін 500 адамға арналған конференц-залға жиналған болатын. Корея президенті конференц-залға кірген кезде жұмыс киімдерін киіп, жүздері қайыстай қара болған кеншілер қарсы алды. Президент сөз сөйлерден бұрын мемлекеттік әнұран ойналғанымен, тозып шаршаған жастарды көріп кемсеңдеген президент Пак мемлекеттік әнұранды айта алмады. Тіптен президент Пак Кын Хе олардың алдында сөйлей де алмапты, тек ғана " Барлығымыз аянбай еңбек етейік, келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек етейік!",-деп кемсеңдеп қайталай беріпті:
«Еліміздің кедейлігінің салдарынан шетелде мыңдаған метр жер астына, ауыр жұмыс атқарып жатқан шахтер-жігіттер, белгісіз біреулердің мәйіттерін күні бойы сүртіп тазалап жатқан медбике-қыздар сендер өз елдерінде аштыққа ұшыраған кедей халқың үшін арықарай да шыдамдылық көрсетіңдер», "Біз бұл құрбандық құнын ұмытпайтын боламыз!",-деп солқылдап көзінің жасын сүрткенде шахтерлер мен медбикелердің бәрі қосыла жылапты. Оларды көріп отырған Германия президенті Любки де көзіне жас алған екен.
Президент Пак қонақ үйіне бара жатқан жолда қайғыдан көз жасын тия алмады, ал президент Любки қол орамалын ұсынып: «Біз көмектесеміз, неміс халқы көмектеседі» деп кемсеңдеген екен.
Батыс Германия парламентінде сөйлеген сөзінде президент Пак: «Бізге қарызға ақша беріңіздер, біздер де сіздер сияқты социалистік елдермен ара қатынасымыз бұзылды. Корея социалистік елдерді жеңу үшін экономикалық еркіндікке жетуі керек. Корея еліне қарызға ақша беріңіздер. Біз алған несиені қалайда қайтарып беретін боламыз. Мен өтірік айта алмаймын. Біздің кәрістер мүлдем жалған сөйлемейтін ел. Біздің социалистік елдерді жеңуімізге көмектесіңіздер!»,-депті.
Сол кезде Корея әлемдегі ең кедей елдердің бірі болды, оның байлығы да, ақшасы да жоқ еді. Оның артында Үндістан ғана тұрды.
Олар Германиядан қарызға ақша ала алды, ал 1965 жылдан бастап күрт көтерілген Корея экспорт өнімі бойынша әлемді дүр сілкіндіре бастады.
Бүгінгі Корея дамысының басында Германияға "құрбандыққа" жіберген 46 мың ағалары мен апалары тұрғанын олар ешқашан ұмытпақ емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады