Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді » ZHARAR © 2017 | келін, қазақстан, басты, Қазақстанға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді, Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді




  • »

Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді

Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді казакша Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді на казахском языке

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясының басты кейіпкері - Анандиді сомдаған Авика Гор 6-наурыз күні «Түнгі студияда» қонақта болады.

Авика Гор 1997 жылы 30 маусымда Үндістанның Мумбай қаласында дүниеге келген. Кинодағы алғашқы қадамы (2008 жылы) «Келін» («Балика Бадһу») фильмінен басталған.
Сол жылы ол Жапонияда өткен Халықаралық драмалық фильмдер фестивалінде жүлде алады. Ал 2010 жылы ол «Үздік балалар рөлі» аталымы бойынша «Indian Tell Awards» марапатына ие болды. Раджив Ганди ұлттық сыйлығының иегері.

«Бала күнгі арманым - Әлем аруы атану еді. Мақсатым айқын болғандықтан, балалық шағымнан соған талпындым. Сол үшін де барлық шақыртуларды қуана қабылдадым. Менің достарым балалармен ойнаса, мен жұлдыздармен бірге ойнадым», дейді актер бір сұхбатында.

Авика Гор «Келіннен» бөлек, 2009 жылы режиссер Аруп Дуттаның «Таңғы серуен» драмасына, 2010 жылы Миленд Укейдің комедиялық жанрдағы «Мектеп», 2012 жылы «Жылдамдық», 2013 жылы «Uyyala Jampala», «Care of Footpath» фильмдеріне түскен.

Қазіргі таңда үлгілі отбасының ұйытқысы, ұлтының салт дәстүрін қалтқысыз сақтап, ибалы келін атанған Анандидің кино әлеміндегі қызықтары туралы «Түнгі студияның» 6-наурыз күнгі шығарылымынан тамашалай аласыздар.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 12 902
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 10)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .