Қазақстанға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді » ZHARAR © 2016 | “Келін”, Ананди, басты, телехикаясының, кейіпкері, рөлін, Авика, Қазақстанға, сомдаған, келеді, Анандидің, Вадху, Балика, берген, сұхбатында, жылдың, киноға, Дулатқызы, уақытта, кейін




  • »

Қазақстанға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді

Қазақстанға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді казакша Қазақстанға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді на казахском языке

Қазақстанға көрермен көзайымына айналған “Келін” (Балика Вадху) телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді.

Бұл туралы “Қазақстан” Ұлттық арнасының стратегиялық маркетинг департаментінің менеджері Аида Дулатқызы BAQ.KZ-ке берген сұхбатында айтты.

“Келін” телехикаясының басты кейіпкері Ананди актерлік шеберлігімен, тартымды қылығымен көрерменді өзіне баурап алған еді.

Осы уақытқа дейін “Chalti Ka Naam Gadi”, “Karam Apnа” тәрізді телехикаяларда ойнаған Анандидің шын есімі – Авика Гор. Ол 1997 жылдың 30 маусымында дүниеге келген.

“Келін” (Балика Вадху) телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор Қазақстанға 2014 жылдың 1-2 наурызында келеді деп күтілуде. Ол Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студиясы” мен “Әйел бақыты” бағдарламаларына қонақ болады. Қазіргі уақытта осы мақсатта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде”, – деді Аида Дулатқызы.

“Жұрт мені “Келін” телехикасынан кейін “Ананди”, “бұзық тышқан”, “келін” деп атайтын болды. Осы фильмнен кейін жұлдызым жанды. “Келін” фильміне түскенде мен небәрі 5-сынып оқушысы едім. Бала емеспін бе, алғашында киноға түсу маған ойын сияқты көрінді”, – дейді Ананди БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Анандидің бала күнгі арманы “Әлем аруы” атану болатын. Бірақ еңбек жолын киноға түсуден бастаған ол осы қадамдарын басты мақсатына жетудегі баспалдақтар деп біледі.

Естеріңізге салайық, қазіргі уақытта “Келін” телехикаясындағы Анандидің рөлін Тораль Распутра ойнайды.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 16 076
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 7)

.

. .