Күйеуін абайсызда өлтіріп алған келіншек жалғыз ұлын қайын атасынан сатып алды (фото)

Күйеуін абайсызда өлтіріп алған келіншек жалғыз ұлын қайын атасынан сатып алды (фото)

Қорғанамын деп күйеуін абайсызда өлтіріп алған ақтөбелік келіншекке туған баласын бермей қойған қайын атасы немересін автокөлікке саудалаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ішімдік ішіп, оқтаумен өлімші етіп сабаған жолдасынан қорғанамын деп жүріп, оны өлтіріп алған келіншек 10 ай тергеу абақтысында отырып шықты. Ол ас үй пышағын жолдасының жүрек тұсына тығып алған. Айгерім Кауканованың ісі «Кісі өлімі» бабымен тергелгенімен, сотта өзін қорғану үшін қол жұмсағанын дәлелденіп, сот үкімімен ол 10 айдан кейін тергеу абақтысынан босатылды.

Күйеуін абайсызда өлтіріп алған келіншек жалғыз ұлын қайын атасынан сатып алды (фото)

Бостандыққа шыққан келіншек қайын атасынан туған баласын қайтарып ала алмаған.

«Мені қамауға алғанда атам әпкемнен баланы жылатып алып кеткен. Олар 3 жастағы баланы туғалы бір рет қана көрген шығар. Мүлде араласпайды, балам оларды танымайды. Босап шыққаннан кейін қайын атам баламды өзіме бермей қойды. Бірнеше рет алуға барғанымда баланы бермеді. Өз баламды қайтарып ала алмай сенделдім. Баламды бермей отырғанын айтып, құзырлы мекемелерге шағымдандым. Солардың көмегімен ғана баламды алып отырмын», - дейді Айгерім Кауканова.



Келіншек қайын атасының үйіне учаскелік полиция, қалалық білім бөліміндегі бала асырап алу орталығының мамандарын ертіп барғаннан кейін ғана нотариус арқылы баласын қайтарып алған.

«Баланы өз қамқорлығыма аламын, бірақ, барлық мұрагерліктен бас тартамын» деп нотариус арқылы құжат жасатқаннан кейін ғана баланы қайтарып алдым. Ол кісінің мұраға қалды деп отырған заты - өзімнің машинам. Кезінде әкем алып берген машинаны күйеуімнің атына жазған болатынмын. Сол машина мен жолдасымның зейнетақы қорындағы қаржыдан бас тартамын деп жазғызып алды. Мен бірден келісіп, қолымды қойып бердім. Маған ақша да, машина да керек емес. Ол кісі маған баламды сатып тұр. Мен үшін байлық – балам», - дейді келіншек.



Айгерім Кауканова 3 жастан асқан Аңсар есімді ұлымен қауышып, жылап көріскенін айтты.

«Ол кісіде ұят болмай тұр. Өзінің немересін саудаға салды. Балабақшадан алғаннан кейін баламның кескінін көріп шошып кеттім. Балам: «Мама, сен қайда болдың? Ата айтты сенің мамаң жаман, папаны өлтірді, сосын түрмеге полиция қамап тастады» деп айтып тұр. Жасы үлкен кісіге ондай сөздерді айтып не керек? Балама «пойызбен алысқа кетіп қалдым. Мама енді сені тастамайды» деп айтып жатырмын», - дейді көңілі босаған келіншек.



Оның айтуынша, ата-әжесі немересіне қарамаған.

«Баламды алған күні оны жуындырып алдым. Үсті де, киімдері де сасып жатыр. Бұрын өзім алып берген, қысқарып қалған киімдермен жүр. Тырнақтары өсіп кеткен, аяғының тырнағы қап-қара. Соларды тазартып отырып жыладым. Жалғыз баласының баласын осыншама қорлағанына күйіндім. Мұндай қорлықты ешкімге тілемеймін»,- дейді Айгерім.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады