Салт-дәстүр: Жасау

Салт-дәстүр: Жасау казакша Салт-дәстүр: Жасау на казахском языке
Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.

Жасау беру дәстүрі үйленген жастар, әсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмай, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасауына ерекше көңіл бөліп, “жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” деген. Бұрын жасауға сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.

19 ғасырдыңдың 1-жартысына дейін ірі байлар кейде жасауға күтуші қызды да қосқан.Ал 19 ғасырдың соңынан бастап жасауға пәуеске, самаурын, тігін машинасы қосылған. Жасауға берілетін мүлік түрлері әр заманның, аймақтың салтына қарай өзгеріп отырған. Мысалы, Абай ауылының ұзатылған қыздарының жасауна ұлы ақынның өлеңдер жинағын қосу салты болған. Қызды жасаумен ұзату дәстүрі қазір де бар.
Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.

Автор: araylym94 | 53 | 6.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы, қазақ Жасау салт дәстүр казак салт дастур казакша, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, казак халкынын салт дастурлери казакша, қазақтың салт дәстүрлері туралы мәлімет, казахские обычаи и традиции на казахском языке, Жасау, қазақ Жасау салт дәстүр казак салт дастур казакша қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары казак халкынын салт дастурлери казакша қазақтың салт дәстүрлері туралы мәлімет казахские обычаи и традиции на казахском языке Жасау, Салт-дәстүр: Жасау