Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы » ZHARAR © 2017 | казак салт дәстүрлері қазақ салт дәстүрлері қазақ ұлттық ойындары қазақ ұлттық ойындары балаларға қазақ салт-дәстүрлері




  • »

Қазақ Ұлттық салт - дәстүрлер жинағы: Беташар

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
  • »

Қазақ Ұлттық ойындары жинағы: Теңге алу

Теңге алу - Қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған.

  • »

Қазақ халқының салт-дәстүрі: Жар-жар

Жар-жар — Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Алтыбақан

Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады.
  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Көрші

Көрші ойынын үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?»—деп сұрайды.

  • »

Қазақ Ұлттық ойыны: Тоқым қағар

Тоқым қағар —- ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған. Әдетте ауыл.....
  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Сақина тастау

Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.
  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Белбеу тастау

«Белбеу тастау» — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп....

  • »

Қазақ Ұлттық ойындары жинағы: Кім жылдам?

Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы ойындардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.
  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Жылдырт - жылдырт

«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар 10—15, кейде одан да көп болады. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан не жүзік, не күміс аңшаны алады да, оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады, не сол жерде белгі салады. Содан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін түсіндіреді: бәрің де екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра ортасын қуыс етіп алға созыңдар.

1 2 3

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .