17 жастағы көкпардың көшбасшысы


Көкпар- нағыз ерді шынықтыратын алаң. Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеп, талайды тамсандырған шабандоздар бар. Тілләбек Cүлейменовтің жанкүйері болып, көкпарға бет бұрған Сарыағаш жасөспірімдер тобының көшбасшысы- Өскенбай Тұрматбек ойынның қыр-сырымен бөлісті.
-Көкпарға қалай және қанша жасыңызда келдіңіз?
-Бұл ойынға бала кезімнен қызығамын. Дегенмен, 15 жасымнан қолға алдым.
-Жеңіс үшін көп дайындалу қажет . Ал, сіз дайындыққа қанша уақыт жұмсайсыз?
-Көкпар білекті де жүректі жігіттердің алаңы. Қара күш пен асқан шыдамдылықты талап етеді. Қызығушылығым басым болғандықтан, жаттығу алаңдары мен бәйгелерге жиі барамын. Өзім жас шабандоз болғандықтан, мейлінше көп жаттығуға тырысамын.
-Ойын барысында айналаңыз бәсекелестерге толы болады.Барлығы бір серкеге таласып, жерден алуға тура келеді.Сол сәтте, қалай жылқыдан құламай берік отыруға болады?
- Мені де бұл ой алаңдатты. Бірақ, арнайы жаттығулардың арқасында үйрендім. Уайымдаудың қажеті жоқ. Ең оңай тәсілі жылқымен жиі дайындалу қажет. Сонда өздігінен тәжірибе артады.
-Денсаулығыңа қауіп төндірген сәттер болды ма?
- Иә. Көкпар өте көп жарақаттанатын сайыстардың бірі деп ойлаймын.
Өзімнің басымнан өткен оқиғамен бөлісейін.Ойын барысында қабырғам сынып, екі ай емделдім. Дегенмен, көкпарға деген қызығушылығым одан әрі арта түсті.
-Ата-анаң қарсылық танытты ма?
-Иә! Дәл осы жарақаттан соң ата-анам мүлдем бұл жолды таңдауыма келіспеді. Денсаулықтағы мәселе мен үшін үлкен кедергі болды.
-Бұл мәселені қалай шештіңіз?
-Бірінші ағама алғысымды білдіремін. Мейлінше мені қолдады. Ата-анамның келісімін алып,бірге белестерді бағындырудамыз.
-Жеткен жетістіктеріңіз жайлы айта кетсеңіз
-Жасым небәрі он жетіде. Екі жыл болды көкпармен айналысып жатқаныма. Қаншама бәйгеде бақ сынасам да, неше салым салғанымды санамаппын. Мен үшін дәл қазіргі жетістігім өз тобымның көшбасшысымын. Яғни команда капитанымын.
-Соңыңыздан еріп келе жатқан жас шабандоздарға қандай ақыл-кеңес бересіз?
-Айта кеткенімдей әлі өте жаспын. Тәжірибем де жеткіліксіз. Өзім де көкпарды жан-жақты ізденіп жатырмын. Кішігірім берер кеңесім: қиындығынан қорықпай , еңбектеніңіздер. Келеңсіздіктер болса,сынбаңыздар! Себебі жетістік қайсарлық пен еңбектің арқасында келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу