Ұлттық ойын: Марламқаш

Ұлттық ойын: Марламқаш

Марламқаш, жазды күні ойнайтын, жас жеткіншектердің ойындарының бірі. Бұл былай ойналады: қараңғы түндерде жастар жиналып екіге бөлінеді, бір бөлегі киімдерін тастап, алысырақ жерге барып, жасырынып жатады. Жасырынғандардың саны қанша болса, іздеушілердің саны да сонша болады, олар жасырынғандарды іздеп тауып, ұстауға шығады.

Сонда іздеушілердің іздеуге шығысымен айқайлап жүріп айтатыны:

Марламқаш,
Мені көрсең,
Тұра қаш!

Жасырынған ойыншылар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша тырп етпей жата береді. Үстінен дәл түссе, ұстатпауға тырысып, тұра қашады. Ойынға жарамайтын жас балаларды киімдерінің қасыңа қалдырып кетеді.

Бұл жерді «Орда» деп белгілейді. Табылған ойыншы соған қарай қашуға тырысады. Егер іздеуші ойыншы қашқан ойыншыны қуып жетіп ұстап алса, ордаға жеткенше оның арқасына мініп келеді. Бұл қолы жеткендерге үлкен бақыт деп саналады. Жеткізбей құтылып кету де қашушы ойыншыға сондай бір дәреже. Мінгізгеннің қабағы түсіп, мінгендердің көңілі шат болып, жеткізбегендері қуанып, жете алмағандары ұялып, барлығы да ортаға жиналады. Ойын қайта басталғанда екі топ орындарын ауыстырады, тығылғандар енді іздеуші, ал іздеушілер жасырынатын болады.

Бұл ойында қашса құтылатын, қуса жететін жастардың өз арасында абыройы арта түседі. Мұндай жүйрік балаларды сырын білмейтін бөтен ауылдың балаларының ойынына қатынастыруға тырысып, өз ауылының балаларымен ойынына араластырмай «бұл жүйрігіміз» деп, оны құрметтейді. Бөтен ауылдың жүйрік деген ойыншыларына бәйге атындай ертіп апарып, әлпештеп қосады. Бұл баланың жүйріктігіне арналган мойынында тұмары да болады. Сондықтан да жүйрік болып осындай атақ алу үшін жаздыгүні балалардың сүйіп ойнайтын ойындарының біреуі осы «Марламқаш» болады. Ойын жүйріктікке, сергектікке, қараңғыда бағдарлай білуге, маңсатқа жету үшін еңбектене білуге, өжеттікке, тез ойлап, жедел шешім табуға үйретеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі