Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.

Ұлттық ойын: Жігіт қуалау

Ұлттық ойын: Жігіт қуалау казакша Ұлттық ойын: Жігіт қуалау на казахском языке
Жігіт қуалау — ұлттық ойын.

Ойын көгалды жазық алаңда, спорт залдарында ойналады. Ойынға оннан 30-га дейін ойыншы қатынасады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықтан екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады.

Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне белбеу, не шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында белбеуі бар ойыншы екінші сызыққа жеткенше, ананың арқасына белбеуді тигізіп үлгеруі керек. Көмбеге жеткен бірінші ойыншы, қолындағы белбеуді екінші сызықтың үстіне тастайды да, кері қашады, екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасынан белбеумен ұра алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойын жалғаса береді

Автор: araylym94 | 21 | 1.02.2019



Загрузка...

KZ / Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы, қазақ Жігіт қуалау ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша, қазақтың ұлттық ойындары, казактын улттык ойындары туралы малимет, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет, казахские национальные игры на казахском, Жігіт қуалау, қазақ Жігіт қуалау ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша қазақтың ұлттық ойындары казактын улттык ойындары туралы малимет қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет казахские национальные игры на казахском Жігіт қуалау, Ұлттық ойын: Жігіт қуалау