Ұлттық ойын: Орда

Ұлттық ойын: Орда казакша Ұлттық ойын: Орда на казахском языке
Орда — ұлттық ойын.

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.

Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.

Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді.

Автор: araylym94 | 104 |


Загрузка...

KZ / Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы, қазақ Орда ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша, қазақтың ұлттық ойындары, казактын улттык ойындары туралы малимет, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет, казахские национальные игры на казахском, Орда, қазақ Орда ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша қазақтың ұлттық ойындары казактын улттык ойындары туралы малимет қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет казахские национальные игры на казахском Орда, Ұлттық ойын: Орда