Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Сиқырлы таяқ
Бұл ойынның екінші түрі үлкен жиындарда, ойын-сауық кештерінде кең бөлмелерде ойналады. Ойынға ұзындығы бір метрдей таяқ пен доп керек (ертеде допты сиырдың жүнінен жасаған, доп болмаған жағдайда кез келген затты алуға болады). Ойын жүргізуші жиналғандарды отырғызғаннан кейін ойын тәртібімен таныстырады. Сонан соң ойынға қатынасушының біреуін өзіне шақырып алып, допты ортаға қояды да, ойыншының көзін байлайды. Ондағы қоятын шарты — көзі байланған адам қолына берген таяқпен допты тауып барып ұруы керек. Мұндай жағдайда ойнаушылар допты қашықтау қоюға тырысады. Осы кезде ойын жүргізуші көзі байланған ойыншының қолына таяқтың былғанған басын ұстата қояды. Көзі байланған ойнаушы еш нәрседен қаперсіз таяқтың былғанған басын ұстай алады. Ойын жастарды шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Ескерту : ойынның мақсаты допты ойыншыға ұрғызу емес, көзі байланған балаға бір басы былғанған таяқты ұстата қою.
Автор: araylym94 | 7 730 | 31.01.2019
Загрузка...
Читайте также

Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Ұлттық ойын: Тоспа доп

Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Ұлттық ойын: Арынды арқан
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Монданақ
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Белбеу тастау
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Шертпек
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Дауыста, атыңды айтам
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Түйілген шыт